jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен қыздың денесі табылды

Әйгерім Сыпатаева
Әйгерім Сыпатаева. Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz

Алматыда 26 қазанда жоғалып кеткен 30 жастағы Әйгерім Сыпатаева өлі күйінде табылды. Қайғылы хабарды еріктілер жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еріктілердің мәлімдеуінше, Әйгерім Сыпатаева 26 қазан күні түнгі сағат 21:00 шамасында Алматының Медеу ауданындағы үйінен шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен. Қыздың денесі 10 қарашада табылды делінген.

"Марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз", - деп жазды еріктілер.

Алматы полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне 30 қазанда Алмалы ауданындағы үйлердің бірінен жас әйелдің зорлық-зомбылық белгілері жоқ денесі табылғанын хабарлады.

"Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, өлім жедел жүрек жеткіліксіздігінің салдарынан болған", - деп мәлімдеді қалалық полиция өкілдері.

Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен қыздың денесі табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.