jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

"Тарихи негізделген уақытқа оралу": Қазақстан үкіметі уақыт белдеуі бойынша ұстанымын жариялады

Сағаттар
Сағат. Көрнекі фото: pixabay.com

Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қазіргі UTC+5 біртұтас уақыт белдеуін тарихи уақыт белдеуіне қайта оралу деп атады. Өйткені UTC+6 КСРО кезінде енгізілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, 1930 жылдарға дейін Қазақстанда қазіргідей уақыт белдеуі болған.

"Табиғи уақытты қолдаушылардың халықаралық альянсы (IANT) Қазақстанның орталық және шығыс аймақтары үшін географиялық бойлыққа сәйкес келетін және халық үшін оңтайлы шешім болып табылатын UTC+5 уақыт белдеуін белгілеу туралы үкіметтің шешіміне оң пікір білдірді.

Қазақстанда уақыт есептеу жүйесінің қалыптасу тарихы алдыңғы уақыт белдеуі UTC+6 алғаш рет 1930-1931 жылдары декреттік, яғни "бұйрықтық" уақытты ("уақыт белдеуі+бір сағат") қолдану арқылы енгізілгенін көрсетеді. Аумақтардың көп бөлігі іс жүзінде 5-ші уақыт белдеуінде жатқанына қарамастан.

Жалпы, советтік кезеңде Қазақстанда командалық-жоспарлы экономика мүддесі үшін табиғи уақыт белдеуі бұйрық тәртібімен 8 рет өзгерді. Нәтижесінде Қазақстан табиғи циклге сәйкес келмейтін уақыт белдеулерінде тұрды. Осылайша, UTC+5 біздің еліміз үшін жаңа белдеу емес, тарихи негізделген уақытқа оралу болып саналады", - деп атап өтті Арман Шаққалиев.

Шаққалиевтің айтуынша, UTC+5 уақыт белдеуі ел халқының 76 пайыздан астамы тұратын Астана, Алматы, Петропавл, Өскемен, Шымкент, Семей және Павлодар қалаларын қоса алғанда, 67,5-тен 82,5 градусқа дейінгі бойлықты қамтиды.

Премьер-министр Олжас Бектенов үкіметтің Қазақстанның біртұтас уақыт белдеуі туралы қазіргі шешімін қолдайтынын айтып, министрге анық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

"Тарихи негізделген уақытқа оралу": Қазақстан үкіметі уақыт белдеуі бойынша ұстанымын жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.