jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Павлодарда қылмыс әлеміне танымал адам ұсталды

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Павлодарда қылмыс әлеміне танымал адам өндіріс кәсіпорынын рейдерлік жолмен тартып алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ осы аймақтың экономикалық тергеп-тексеру департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мекеме мәліметінше, қызметкерлер сотқа дейінгі тексеру аясында рейдерлік қылмыс жасаған болуы мүмкін күдіктінің ізіне түскен. Ол аймаққа танымал адам болып шықты. Күдіктінің аты-жөні жарияланбады.

"Қылмыс әрекеті салдарынан кәсіпорын иесі 1 млрд теңгеден аса шығынға ұшыраған. Павлодар қаласының Мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен, күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды", - деп хабарлады департамент.

Бұған қоса, ресми мәліметте күдіктінің өзге адамға тиесілі мүлікті тартып алуға қатысты басқа да әрекеттері анықталып жатқаны айтылған. Осы іске қатысты басқа да мәлімет тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.

Павлодарда қылмыс әлеміне танымал адам ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.