Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларым ұйқыдан қиналмай тұрады": сауда министрі қазіргі уақыт белдеуіне қатысты ойын айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сағат
Сағат. Көрнекі фото: depositphotos.com

Министрлер кабинетінің брифингінде сауда министрі Арман Шаққалиев Қазақстандағы уақыт белдеуі ауысымының жақсы тұстарын да атап өтуді ұсынды. Мәселен, оның айтуынша, таңертең қосымша бір сағат ұйықтау мүмкіндігі бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтен екінші ауысымдағы мектеп оқушыларының үйіне қараңғыда қайтып жүргеніне қалай қарайтыны туралы сұрақ қойылды.

"Мен төрт баланың әкесі ретінде, уақыт болған кезде балаларымды алып кетемін. Екінші ауысым сағат 19:05-те аяқталады, Егер былтырғы жылмен салыстырғанда, онда бізде оң өзгерістер де бар.

Яғни, былтыр да біз балаларды қараңғыда алып жүрдік, себебі кесте өзгерген жоқ. Мен әке ретінде тағы да айта кетейін: менің балаларым қиналмай ұйқыдан тұрады. Көптеген ата-ана балалары таңертең қиналмай ұйқыдан тұртынын айтады. Біз оларға таңғы уақыт бердік, біз оларға ұйқысын қандырып, мектепке жарықта баруға мүмкіндік бердік. Басқа сезімдер, басқа өзгерістер туралы да айту керек қой", - деді Шаққалиев.

Сауда министрлігінің басшысына егер үкімет бұрынғы уақытты қайтару туралы шешім қабылдаса, ведомство уақыт белдеуі туралы шешімін қалай өзгеретінен сұрады.

"Менің баяндамам зерттеуге негізделген, ведомствоаралық комиссияда 60-тан астам адам, арнайы білімі бар адамдар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері бар екенін атап өттім, бұл –олардың ортақ пікірі.

Екіншіден: бұл үкіметтің, бүкіл министрлер кабинетінің шешімі екенін түсінуіміз керек. Бүгін нақты шешім қабылданды. Біз осы уақытта өмір сүруіміз керек", - деді Шаққалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2189480-balalarym-uiqydan-qinalmai-turady-sauda-ministri-qazaqstandagy-uaqyt-beldeuin-ozgertu-turaly-oiyn-aitty/