2025 жылы декларация тапсырудан кімдер босатылады
Жарияланған күні:
Мемлекеттік кірістер комитеті брифингте президент пен үкіметтің ұсынысы бойынша Қазақстанда кімдер міндетті декларация тапсырудан босатылатынын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке тұлғалардың әкімшілік кірістер басқармасының басшысы Дина Құсайынова президент тапсырмасына сәйкес, цифрландыру деңгейінің жеткілікті болуына байланысты 2025 жылға жоспарланған соңғы кезеңдегі декларанттарды міндетті есеп беру талаптарынан босату ұсынылғанын айтты.
Алайда кейбір санаттағы азаматтар декларация тапсыруға тиіс:
- Қазақстаннан тыс жерде мүлкі бар азаматтар;
- Сайлауға түсу мүмкіндігі бар лауазымдарға үміткерлер;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметке үміткерлер.
Сонымен қатар, салалық заңнамаға сәйкес, банк, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығының қатысушылары, банктердің ірі акционерлері мен менеджерлері, сақтандыру ұйымдарының өкілдері бұрынғыдай кірістер мен міндеттемелер туралы декларация тапсыруға міндетті.
Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы декларацияны аталған тұлғалардың жұбайлары да тапсыратынын ескертті. Декларация тапсыратындар арасында жеке сот орындаушылары, медиаторлар мен адвокаттар да бар.
Кімдер декларация тапсырудан босатылады
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, декларация тапсырудан босатылған азаматтар келесі шарттарға сай болуы керек:
- Шетелде жылжымайтын мүлкі немесе көлігі болмауы;
- Шетел банктеріндегі шоттарында 1000 АЕК-тен (2023 жылы 3,7 млн теңге) асатын қаражаты болмауы.
"Биыл бізде айлық есептік көрсеткіш 3692 теңге болып отыр – сәйкесінше, шетелде жалпы сомасы 3,7 миллион теңгеден астам қаражаты бар әр азамат өзінің кірістері жайлы есеп беруі керек", - деп толықтырды басқарма басшысы.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыға бірдей декларация мәселесін үкіметке қайта қарауды тапсырған болатын. Кейін жеке тұлғалар кірістері мен мүлкін міндетті декларациялаудан босатылатыны анықталды. Декларацияны тапсырмаған қалған санаттағы адамдардың шоттары бұғатталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2189658-2025-zhyly-deklaratsiia-tapsyrudan-kimder-bosatylady/