jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Уақыт белдеуіндегі өзгерістің халықтың денсаулығына әсерін зерттеуге миллиондаған қаражат жұмсалмақ

Уақыт белдеуі
Уақыт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бүгін мәжіліс алаңында уақыттың өзгеруі қазақстандықтардың денсаулығына қалай әсер еткенін зерттеуге қанша қаржы бөлінетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Сағат белдеуін зерттеу үшін үш жылдық бюджетке өтінім түсті – 160 миллион теңге. Бірақ іс жүзінде ол аз болады. Менің ойымша, кем дегенде жартысы, шамамен 90-100 миллион теңге. Неліктен? Өйткені, байқау жариялаймыз. Кеше ғана жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысы өтті. Біз байқау жариялаймыз, оның нақты құнын ұлттық ғылыми кеңес анықтайды", - деді министр.

Оның айтуынша, бұл жұмыс әлеуметтік сауалнама форматында жүргізілмейді.

"Бәлкім, жылдық цикл болады. Бұл қолданбалы зерттеу болады. Тәуліктік ырғақтар деген нәрсе бар – бұл барлық тірі ағзалар өмір сүретін биологиялық ырғақтар. Яғни, бізді таңертең оятатын циклдар, ал кешке ұйқыға белгі беретін uормондық деңгейлер салыстырылады", - деді Саясат Нұрбек.

Зерттеуге бірнеше институттың мамандары қатысады. Олардың ішінде физиология институты, география институты бар.

"Халықтан өтініші түсті, сондықтан жауап беруге мүдделіміз. Денсаулық сақтау министрлігі 100 пайыз қолдады, біз ғылыми грант беруші ұйым ретінде оны қолға алдық", - деп қорытындылады Саясат Нұрбек.

Уақыт белдеуіндегі өзгерістің халықтың денсаулығына әсерін зерттеуге миллиондаған қаражат жұмсалмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.