jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкенттік колледж студенттері WorldSkills Kazakhstan-2024 байқауында үздіктер қатарынан көрінді

Студент
Студент. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкенттік студенттер IX Республикалық WorldSkills Kazakhstan-2024 кәсіби шеберлік чемпионатынан жүлдемен оралды. Астанада өткен жұмысшы мамандықтарының ұлттық чемпионатынан жерлестер бірінші және екінші орынды қанжығаға байлады. Жеңімпаздарды ұстаздары мен тілеулестері темір жол бекетінен зор қошеметпен күтіп алды, деп хабарлайды Ontustik.tv.

Шымкенттегі жол-көлік колледжінің студенті Руслан Губайдуллин WorldSkills Kazakhstan-2024 чемпионатынан 2-орынды жеңіп алды. Ол бұл байқауда "жеңіл автомобильдерді жөндеу" құзыреттілігі бойынша қарсыластарымен бақ сынасып, ұстаздарының үмітін ақтады.

"Байқауда топ жарып, мыңдаған студенттің арасынан суырылып алға шығу оңайға соққан жоқ. Чемпионат шарттарын мұқият орындап шықтым. Жеңіске жетуіме себепкер болып, маған бар мүмкіндікті жасаған ұстаздарыма алғыс айтамын. Болашақта автокөлік саласының білгір маманы болғым келеді", - дейді II орын иегері Руслан Губайдуллин.

Бәсі басым байқауда өңірлік кезеңдерден өткен 550-ден астам колледж студенті қатысты. Үш күн бойы олар 30 құзыреттілік бойынша сынға түсті. Жұмыс алаңдарында қатысушылардың кәсіби дағдыларын 558 сарапшы бағалады.

Ал Надирбек Рустамханов – Шымкент аграрлы-техникалық колледжінің студенті. Сантехника және жылыту мамандығының қыр-сырын жетік меңгерген ол үшін бұл байқауда бақ сынау қиындық тудырмапты. Білімі мен ұстаздарының үйреткен ілімінің арқасында Надирбек жүлделі бірінші орынды қанжығаға байлады.

Надирбек енді ел намысын келер жылы Данияда өтетін EuroSkills чемпионатында қорғамақ. Командалық есепте Астана қаласының құрама командасы көш бастады. Шымкент командасы алтын саны бойынша 5-орында. Баллдық есеппен 9-орынды иеленді.

Шымкенттік колледж студенттері WorldSkills Kazakhstan-2024 байқауында үздіктер қатарынан көрінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.