jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте ет өнімдерін қабылдайтын орындар тексеріліп жатыр

Ет өнімдерін қабылдайтын орын
Ет өнімдерін қабылдайтын орын. Фото: instagram.com/ police_shymkent

Шымкент қаласында мал ұрлығының алдын алу бойынша 2024 жылдың 18-20 қараша аралығында "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ПД Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қалалық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы және аудандық бөліністер қызметкерлерімен бірлесіп, "Мал ұрлығы" жедел-профилактикалық іс-шарасы бойынша рейдтік жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде 19 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы 59 шаруа қожалық пен 116 ет сататын орын тексерілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы жануарларын заңсыз сою, сақтау және сату орындарын анықтау. Сондай-ақ шара барысында мал сою пункттері, қараусыз жүрген малды ұстау орындары тексеріліп, жануарларды заңсыз тасымалдау жағдайларының жолын кесу жүргізілуде. Ұрланған мал өнімдерін сатуды болдырмау үшін базарлар мен ет өнімдерін қабылдау орындары тексеріліп жатыр.

Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға заңсыз тасымалдаулар, белгіленбеген орындарда малды сою, ен-таңбалары жоқ малдарды саудаға салу деректерін болдырмау мақсатында жұмыстар жалғаса беретінін ескертті.

Сондықтан малды қараусыз жібермей, бақташы жалдауға, уақытылы ен-таңбаларын салдыртып, құжаттандыруға кеңес берді.

Шымкентте ет өнімдерін қабылдайтын орындар тексеріліп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.