Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы көшеге бұрынғы премьер-министрдің есімі берілді

Жарияланған күні:

Астанадағы Нұрлан Балғымбаев атындағы көше
Балғымбаев көшесі белгісі. Фото: Астана қаласы баспасөз қызметі

Астана қаласындағы Есіл ауданында орналасқан көшеге Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Нұрлан Балғымбаевтың есімі берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қала әкімдігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, бүгін сол көшенің және оның бойына орнатылған ескерткіш-тақтаның ашылу рәсімі өтті.

Есіл ауданында орналасқан көшенің ұзындығы – 1100 м. Көше Түркістан көшесінен басталып, Ұлы дала даңғылында аяқталады.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен Нұрлан Балғымбаевтың ел үкіметін басқарған кезде көптеген игі реформаларды қолға алып, жұмысты жақсартуға көп үлес қосқанын" ерекше атап өтті.

Нұрлан Балғымбаев өзінің еңбек жолында Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібі министрі, сондай-ақ "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясының президенті қызметтерін атқарған.

1997-1999 жылдары Қазақстан премьер-министрі болды. 2007 жылдың желтоқсанында Президентінің кеңесшісі болып тағайындалып, осы қызметте 2009 жылға дейін жұмыс істеді.

Содан кейін ол Eni итальяндық мұнай-газ компаниясымен бірге жобаларды жүзеге асыру жөніндегі бас директор болып қызмет етті. Балғымбаев созылмалы ауыр сырқаттан 2015 жылы қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2190537-astanadagy-koshege-buryngy-premer-ministrding-esimi-berildi/