Ақтауда мейрамханада әйелді ұрған ер адам ұсталды (видео)
Жарияланған күні:
Ақтауда жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде әйелді ұрып-соққаны үшін күдікке ілінген азамат ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның баспасөз қызметінде хабарлағандай, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласының полицейлері қарақшылық жасап, адам ұрып-соққаны үшін күдікке ілінген азаматты анықтап, қамауға алды.
Қазір күдікті Ақтау қалалық полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Еске салсақ, Ақтаудағы мейрамханалардың бірінде белгісіз ер адамның жұрт көзінше келіншекті ұрып-соққаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған болатын.
Облыстық полиция оқиғаға қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілгенін хабарлаған болатын.
Кейін Ақтауда соққыға жығылған келіншекке қатысты істі прокуратура өз бақылауына алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2190611-aqtauda-meiramhanada-aieldi-urgan-er-adam-ustaldy-video/