Мажарстан премьер-министрі протокол қызметінің басшысы қазақшасымен тәнті етті (видео)
Жарияланған күні:
Мажарстан премьер-министрі протокол қызметінің басшысы Бенце Иштван Грезса Қазақстаннан барған журналиспен қазақ тілінде әңгімелесті. Ол "Qazaqstan" арнасының "Ақорда" бағдараламасына берген сұқбатында қазақ халқының тарихы мен тіліне зор құрметпен қарайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мажарстан премьер-министрі протокол қызметінің басшысы Бенце Иштван Грезса қазақ тілінде еркін сөйлейді.
"Қазақстан-Мажарстан арасында байланыстар бар. Тарихтан білетініміздей, құман тайпасы мен қазақтардың арасында да байланыс бар. Мен Мажарстандағы университетте "Түркітану" факультетінде оқыдым. Түрікше-қазақша білім алдым. Алматыда да арнайы бағдарламамен "Шығыстану" факультетінде оқып келдім", - дейді ол.
"Қазақша білуі, жетік сөйлеуі тамаша екен", "Қазақша әдемі сөйлеп тұр", деп жазды видео астына желі қолданушылары.
Айта кетейік, 20 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Мажарстанға барды. Оны Будапешт әуежайында Виктор Орбан күтіп алды.
Сондай-ақ іс-сапары кезінде мемлекет басшысы Будапештте қазақстандық студенттермен кездесіп, сөйлескен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2190816-mazharstan-premer-ministri-protokol-qyzmetining-basshysy-qazaqshasymen-tanti-etti-video/