Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда түн ортасында жоғалып кеткен бала дрон көмегімен табылды (видео)

Жарияланған күні:

Аспандағы дрон
Дрон. Көрнекі сурет: pixabay.com

Екібастұзда түнде жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім сағат 13:00 шамасында дрон көмегімен саяжай қоғамдастығы ауданынын табылды. Қазір ол туысқандарының қасында. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Павлодар облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2009 жылы туған баланы іздеуге көмектесу үшін туыстары Екібастұз полициясына хабарласқан.

"Кәмелетке толмаған азамат 22 қараша күні түнгі сағат үштер шамасында М.Әуезов көшесіндегі 157-үйден шығып, қайтып оралмағаны анықталды",-– делінген полиция департаменті хабарламасында.

Полиция бағдар жасап, облыстың барлық аумақтық бөлімшелеріне және жақын маңдағы өңірлерге жіберілді. Дереу жасөспірімді іздеу ұйымдастырылды.

"Қаланың жертөле мен шатырлары, қараусыз қалған ғимараттар, құдықтар, саяжай алабы тексерілді. Жоғалған адам туралы ақпарат жергілікті БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланды. Іздеуге 300-ге жуық азамат тартылды: полиция мен ТЖ қызметкерлері, сондай-ақ екі іздестіру иттері, еріктілер, тікұшақ пен ұшқышсыз ұшатын аппарат пайдаланылды. Сағат 13.00 шамасында ұшу аппаратының түсірілімдерінің дронның арқасында кәмелетке толмаған бала саяжай қоғамдастығы ауданында табылды",- деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ақмолада қолында 2 жасар баласы бар келіншек үйден шығып, із-түссіз жоғалып кеткені жайлы хабарлаған болатынбыз. Кейін анаыс мен баласы Тараз қаласының теміржол вокзалында табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2191187-ekibastuzda-15-zhastagy-bala-zhogalyp-ketti/