Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның солтүстігінде ондаған ауыл көшіріледі

Жарияланған күні:

Ауылдағы үйлер
Ауылдағы үйлер. Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында 45 ауыл көршілес ауылдарға қосылады. Аумақтық қайта құрулар облыстың он бір ауданындағы елді мекендерге әсер етеді, деп хабарлайды 24.kz арнасының сайты.

Солтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 45 ауыл қысқартылатыны белгілі болды. Қазір осыған байланысты әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысы шықты.

Бұл елді мекендерде 10-нан аз адам тұрады. Енді жергілікті билік өкілдері оларға "болашағы бар" деген ауылдарға көшуге көмектеседі.

Өңірде жабылайын деп тұрған ауылдың бірі Краснопёровка. Кезінде бұл елді мекенде 120 үй болған. Тоқырау жылдары кеңшар тарап, жұмыссыз қалған тұрғындар жан-жаққа көшіп кеткен.

Соңғы сегіз жыл мұнда екі-ақ адам тұрады. Солардың бірі Атлас Файрушин. Ол осы ауылға 90-жылдары көшіп келген. Қазір әйел, бала-шағасы қалада тұрады. Ал өзі і ойламайды. Елде азын аулақ қой ұстайды.

"Мен өзім қалада тұра алмаймын. Көп болсам, қан қысымым көтеріліп кетеді. Кезінде бұл үлкен ауыл еді. Кеңшарда 12 мың мал болды. Қазақ, орыс, татар - бәріміз тату-тәтті өмір сүрдік", - деді Краснопёровка ауылының тұрғыны Атлас Файрушин.

Солтүстік Қазақстан облысында биыл адам саны оннан аспайтын 45 елді мекен қысқарады. Бұл мәселе облыстық әкімдік, мәслихат пен қоғамдық кеңесте қаралып, тиісті қаулы шығарылды.

"Бұл ауылдарда 10 адамнан кем тұрады. Орташа есеппен жалпы мысалы 3 адам тұратын бар, 5 адам тұратын бар, ауылдар бар. Осы 45 ауылдың ішінде жетеуінде мүлде тұрғын жоқ. Бұл азаматтарға басқа перспективасы жоғары ауылдарға көшуге көмек көрсетіледі", - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Тимур Әбдірешов.

Заң бойынша 50 адамнан аспайтын ауылдар жабылуы тиіс. Оларға экономикалық тұрғыдан қаржы бөлу тиімсіз. Қазір облыста осындай 141 елді мекен бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2191508-qazaqstannyng-soltustiginde-ondagan-auyl-qysqartylady/