Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның оңтүстігінде қатты жел соғады

Жарияланған күні:

Қатты жел
Қатты жел. Көрнекі сурет: Chalabala/Getty Images

24 қарашада Қазақстанның барлық аумағында жел күшейіп, кей өңірлерде де тұман мен шаңды жел соғады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Астанада 24 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

24 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с.

24 қарашада Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні15-20 м/с күтіледі.

24 қарашада түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 18-23 м/с, кей уақыттарда 28 м/с. Қонаев қ.: 24 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с.

24 қарашада Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырау қ: 24 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

23 қарашаның сағат 20.00-ден 24 қарашаның сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.

24 қараша Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

24-26 қарашада Жетісу облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

24 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда 24 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

24 қарашада Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қызылордада 24 қарашада жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

24 қарашада Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 24 қарашада кей уақыттарда шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.

24-25 қарашада Павлодар облысының батысында, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Павлодар қ: 24-25 қарашада тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2191598-qazaqstannyng-ongtustiginde-zhoiqyn-zhel-sogady/