jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Париж олимпиадасының жүлдегері Нұрбек Оралбай неге үйленбей жүргенін айтты

Нұрбек Оралбай
Нұрбек Оралбай. Фото: instagram.com/oralbay_nurbek

Тележүргізуші Динара Сәтжанның Late night show жобасында боксшылар Айбек пен Нұрбек Оралбай қонақ болды. Сұқбатта спортшылар жеке өмірі туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жүргізушінің жеке өмір туралы қойған сұрағына жауап берген Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай қазіргі сәтте жүрегінің жартысын әлі жолықтырмағанын, іздеп жүргенін айтты.

"Жүрегім бос әлі. Өзіме ұнайтын қызды әлі таппадым. Екеуміздің де мақсатымыз Олимпиадаға қатысу болғаннан кейін Айбек үйленген соң дайындыққа кірісіп кеттік.

Ол кезде қызға уақыт болған жоқ. Мақсатымыз олимпиада медалі, дайындық, жаттығу болды. Уақыт та болмады, қызбен сөйлесетін. Қазір уақыт бар. Қыз іздеп жүрмін", - деп жауап берді Олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай.

Еске салайық, Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасында 80 кг cалмақ дәрежесінде күміс жүлде еншілеген еді. Ол финалда украиналық Александр Хижняктан жеңіліп қалды. Ал 92 кг салмақта сынға түскен Айбек Оралбай ширек финалда Лорен Альфонсо Домингеске (Әзірбайжан) есе жіберіп, Олимпиада ойындарын аяқтаған болатын.

Париж олимпиадасының жүлдегері Нұрбек Оралбай неге үйленбей жүргенін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.