Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түнде болған жер сілкінісі қай жерде қатты сезілді: ТЖМ жаңа мәлімет жариялады

Жарияланған күні:

Сейсмограф
Сейсмограф. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

25 қарашада түнде Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелген болатын. Жер сілкінісі Алматы, Жетісу облыстарындағы бірнеше ауылда сезілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 25 қарашада Астана уақыты бойынша 23 сағат 42 минут 15 секундта Жетісу облысында жер сілкінісін тіркеді. 

Жер сілкінісінің координаттары: 44.280 с.е. 79.740 ш.б. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан.

Есептік қарқындылық (балмен):

  • Алматы 2 балл,
  • Жаркент қаласы 4 балл,
  • Шонжы ауылы 3 балл,
  • Текелі 3 балл,
  • Қырғызсай ауылы 2 балл,
  • Қарабұлақ кенті 2 балл
  • Жансүгіров ауылы 2 балл,
  • Көкпек ауылы 2 балл,
  • Сарқан қаласы 2 балл,
  • Талдықорған қаласы 2 балл.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2192328-zhetisu-oblysyndagy-zher-selkinisi-qai-zherde-qatty-sezildi-tzhm-zhanga-malimet-zhariialady/