Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

eGov-та уақыт белдеуіне қатысты сауалнама неге тоқтатылды: ғылым және жоғары білім министрі жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Egov сайты
Egov сайты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін мәжіліс кулуарында ғылым және жоғары білім министрі eGov қосымшасындағы Қазақстандағы уақыт белдеуінің өзгеруі туралы сауалнаманың тоқтап қалғанына байланысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Ол тоқтап қалған жоқ: бұл 200 мыңға жуық адам арасында жүргізілген сауалнаманың бір бөлігі. Келесі кезекте қазақстандықтардың денсаулығына әсері анықталады. Осының барлығын біріктіріп, зерттеудің бір бөлігі ретінде қарастырамыз. 200 мың адамнан сауалнама алу талабын қойып, сол межеге жеттік. Зерттеу аяқталғаннан кейін қорытындысын жариялаймыз. Бұл – бірінші кезең. Бәрі ашық болады.

Биыл конкурстық процедураларды өткіземіз, келесі жылы бастаймыз (уақыттың әсері туралы зерттеу – ред. ескертпесі). Негізі үш жылға қаржы бөлінеді, бірақ біз оны ертерек аяқтауға тырысамыз", - деді министр Саясат Нұрбек.

Бұған дейін цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мобильді қосымшада сағат белдеуін өзгерту туралы сауалнаманың өшірілгеніне қатысты пікірін білдірген болатын.

21 қарашада eGov мобильді қосымшасында қазақстандықтардан уақыт белдеуінің өзгеруіне қатысты бірнеше сұраққа жауап беру сұралған сауалнама пайда болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2193039-egov-ta-uaqyt-beldeuine-qatysty-saualnama-nege-toqtatyldy-gylym-zhane-zhogary-bilim-ministr-zhauap-berdi/