jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Атырау облысында құжатсыз мал тасығандар жауапқа тартылып жатыр (видео)

мал
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Атырау облысында "Сібір жарасы" тарағандықтан, құжатсыз мал тасымалдағандар жаппай жауапқа тартылып жатыр. Қазірге дейін Сібір жарасын жұқтырған үш ірі қара арам қатып, бір адам ауруханаға түскен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна мәліметінше, осы жайттан кейін облыстық әкімдік арнайы жұмыс тобын құрып, жедел алдын алу шарасын қолға алған. Күйдіргі ошағын оқшаулау, дезинфекциялауға Ақтөбеден арнайы отряд келген. Қаладағы мал соятын және ет сататын 66 нүктеден сынамалар алынған. Бірде-бірінен жұқпалы вирус анықталмаған.

Қазір Атырауға кіреберіске бекеттер орнатылып, полиция мен ветеринар мамандар кезекшілікке шықты. Олар мал тасымалдап келе жатқан көліктерді қатаң бақылауға алған. Ветеринария құжаты жоқтарға айыппұлдар салынып, мыңдаған мал басы кері қайтарылып жатыр.

"Кешеден бері кейбір регламентті дұрыстап, анықталған жерден бастап, яғни сол постыда айыппұл сала бастадық. Оған дейін айыппұл өз мекенжайында болған. Қазір тиісті өзгеріс енгізіп, заңбұзушылық, құқықбұзушылық құжатсыз тасымалдау бойынша әкімшілік жауапқа тарта бастадық", - Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.

Дереккөз: КТК

Атырау облысында құжатсыз мал тасығандар жауапқа тартылып жатыр (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.