jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда газ баллондары шығарылуы мүмкін

Газ баллондары
Газ баллондары. Көрнекі фото: pixabay.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев елімізде осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Ол бағдарлама барын, газ баллондарын шығара алатын отандық өндірушілер табылғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев газ баллондарына толық бақылау жүргізілетінін атап өтті.

"Газ баллоны шығарылған сәттен бастап оның соңғы рет пайдалануға дейін цифрландырылған түрде толық бақылау жүргізіледі", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

ӨҚМ Қорғаныс өнеркәсіп кешені департаменті директорының орынбасары Асқар Тамаев түсіндіріп өткендей, қазірдің өзінде отандық ұйымдар газ баллондарын шығаруға және сервистік қызмет көрсетуге қызығушылық танытып отыр.

"Бұл отандық ұйымдар жылына 65-70 мың тұрмыстық газ баллонын шығара алады", - деді спикер.

Қазақстанда газ баллондары шығарылуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.