jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтиханды МХҚКО-да тапсыруға болады

Жүргізуші куәлігі
Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ

Шымкент тұрғындары жүргізуші куәлігін алу үшін негізгі сынақ алдында біліктіліктерін сынап, қателіктерін анықтау үшін практикалық емтихан тапсыра алады. Дайындық емтиханы Достық шағын ауданы, 2343/1 және 196 орам, 381/1 мекенжайында орналасқан МХҚКО-ларда жүргізіледі, деп жазады Otyrar.kz.

"Азаматтарға арналған үкімет" Шымкент қаласы бойынша филиалының мәліметінше, жыл басынан бері бұл қызметті 3 мыңнан астам азамат пайдаланған. Емтиханды сенбі күні сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін және жексенбіде 9:00-ден 18:00-ге дейін тапсыруға болады. Қызметті алдын ала брондау қажет.

Емтиханға үміткерлер механикалық немесе автоматты беріліс қорабы бар көлікті таңдай алады. Практикалық дайындық емтиханына жазылар алдында оферта шартымен танысып алған дұрыс.

"Жүргізуші куәлігін алу үшін екі емтихан тапсыру қажет. Бұл теориялық және практикалық. Практикалық емтиханда жаттығулар саны жүргізуші куәлігінің санатына байланысты.Егер азамат мұқият дайындалған болса, емтихан тапсыру қиын емес", - дейді МХҚКО басшысы Еркебұлан Мейірбеков.

МХҚКО-ның қызметкерлері атап өткендей, практикалық емтихан тапсыру кезінде жиі кездесетін қателіктер – сигналсыз бұрылу және тоқтау сызығын кесіп өту. Алдын ала практикалық емтиханды тапсыру мұндай қателіктер жіберу ықтималдығын азайтуға көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, жүргізуші куәлігін алу үшін автомектепте оқудан өтіп, тиісті санат бойынша курстарды аяқтау туралы куәлік алу қажет.

Шымкентте жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтиханды МХҚКО-да тапсыруға болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.