jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Ақмола облысында өрттен екі бала қаза тапты

Өрт сөндіруші
Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: freepik.com

Ақмола облысында жекеменшік үйде болған өрттен екі бала қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Бұланды ауданы Шұбарағаш ауылында жекеменшік үйден өрт шыққан.

"Өрттен 2017 және 2021 жылы туған екі бала қайтыс болды. ТЖД шұғыл нөмірлеріне қоңырау түскен жоқ. Өртті куәгерлер өшірген.

Төтенше жағдайдың себебін анықтау үшін зерттеу сынақ өрт зертханасы тағайындалды. Бұланды аудандық ТЖ бойынша бөлімі сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады", -делінген хабарламада.

Ақмола облысында өрттен екі бала қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.