Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте бадминтоннан Еуразиялық лиганың гранд финалы өтті

Жарияланған күні:

Бадминтон ракеткасы
Бадминтон ракеткасы. Көрнекі фото: ALEXANDER NEMENOV/AFP via Getty Images

Шымкентте 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында бадминтоннан Еуразиялық лиганың гранд финалы өтті. Турнир Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан федерацияларының қолдауымен ұйымдастырылған. Тартысты ойында жүлделі орынды Қазақстанның құрамасы жеңіп алды. Олардың арасында шымкенттік спортшылар бар, деп жазады Otyrar.kz.

Диана Наменова — Қазақстан құрамасының ойыншысы. 16 жастағы спортшы бадминтоннан Еуразиялық лиганың гранд финалына мұқият дайындалған. Бұл спорт түрімен бойжеткен 8 жасынан бастап айналысады.

"Мен қазір Өзбекстаннан келген қызбен ойнадым. Бұған дейін турнирлерде Закировамен бірге ойнағанмын. Жарыстарға үнемі қатысып келемін. Еуразия лигасы биыл төртінші қорытынды тур. Менің әжем жаттықтырушы, анам да бадминтонмен айналысқан. Басында өзім гимнастикамен айналыстым, маған ұнамады. Кейін бадминтонды таңдадым. Екінші сыныпта келдім", - деді ол.

Финалға дейін үш іріктеу кезеңі өтті. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей командалары қатысты. Гранд финалға шиеленісті күрестің нәтижесінде екі ел құрамасы – Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары жетті.

"Бадминтонмен шамамен 10 жыл айналысып келемін. Қазақстанға бірінші рет келуім емес. Гранд финалға екінші рет қатысамын, барлық қатысушыларға жеңіс тілеймін", - деді Өзбекстан құрама командасының ойыншысы Осадбек Олимжанов.

"Бұл турнир біздің спортшыларымыздың ойын деңгейінің өсуіне ықпал етіп қана қоймайды, бұл – спорттық дипломатияны құрудағы және өңір елдері арасындағы байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам. Еуразиялық лига Орталық Азияда бадминтон мен басқа да спорт түрлерінің одан әрі дамуына ықпал ететін жыл сайынғы оқиға болатынына сенімдіміз", - дейді ұйымдастырушылар.

Биыл үш іріктеу кезеңі өтті. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей командалары қатысты. Ұйымдастырушылар бадминтоннан Еуразиялық лиганың гранд финалын өткізу үшін Шымкентті таңдағанымыз кездейсоқ емес дейді.

"Шымкентте өтеді. Себебі Шымкент өңірі – Қазақстандағы бадминтон бойынша көшбасшылардың бірі. Бұл жерде Шымкент қаласы әкімдігі тарабынан қолдауды атап өткен жөн. 29 жүлде қоры 2 млн теңгеден асады және әрбір қатысушы ақшалай сертификат алады", - деді Бадминтоннан ҚФ бас хатшысы Айбек Рахимов.

Бадминтоннан Еуразиялық лиганың гранд финалында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Ерлер арасында Махсут Тәжібуллаев пен Бурханов Тимур үздік деп танылса, әйелдер арасында Айша Жұмабек және Диана Наменова жүлдегер атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2195250-shymkentte-badmintonnan-euraziialyq-liganyng-grand-finaly-otti/