Алматыдағы кезекші және мамандандырылған ХҚКО-лар мекенжайы өзгерді
Жарияланған күні:
"Азаматтарға арналған үкімет" кезекші және мамандандырылған қызмет көрсету орталықтарының мекенжайы өзгергенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
2 желтоқсаннан бастап кезекші ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар мекенжайы өзгереді.
Атап айтқанда, Алматыдағы мамандандырылған қызмет көрсету орталықтары Саялы шағын ауданында Аққайнар көшесі 1 және Кемел ықшамауданында Ақсуат көшесі 118 мекенжайында оранласады.
"Өз аймағыңыздағы кезекші орталықтар тізімімен жоғарыдағы суреттен таныса аласыз", - деп ескертті "Азаматтарға арналған үкімет" өкілдері.
Еске салайық, кезекші ХҚКО жұмыс күндері 20.00-ге дейін, сенбі күні 13.00-ге дейін жұмыс істейді.
Кезекші мамандандырылған ХҚКО дүйсенбі мен жұма аралығында 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды, ал дайын құжаттарды 20.00-ге дейін алуға болады.
Сенбі күні мамандандырылған ХҚКО 13.00-ге дейін жұмыс істейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2195267-almatydagy-kezekshi-zhane-mamandandyrylgan-hqko-lar-mekenzhaiy-ozgerdi/