Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

250 млн теңге шығын: Ақмола облысында қылмыстық топ алтынды заңсыз өндіріп келген

Жарияланған күні:

Зергерлік бұйымдар
Алтын. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ақмола облысында алтынды заңсыз өндірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ісі қаралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сайты бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыстық әрекетті Ресей мен Украина азаматтарын тарта отырып, Қазақстан азаматы ұйымдастырған. Мемлекетке келтірілген залал – 250 млн теңге.

"Көлік прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысы сотта ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 қатысушысы құрамында алтын бар кенді заңсыз өндірумен және өңдеумен, сондай-ақ, зергерлік бұйымдарды қолдан өндірумен айналысқанын дәлелдей алды. Жалған алтын зергерлік бұйымдар елдің базарлары мен зергерлік дүкендерінде сатылған", - делінген хабарламада.

Сотталғандар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тамыз айында осы іс бойынша күдікке ілінген 12 адамға – Қазақстан, Украина және Ресей азаматтарына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталғанын еске саламыз. Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыстық топ "жер қойнауын геологиялық зерттеуге" лицензия алып, заңсыз алтын өндірумен айналысқан. Ұйымдасқан қылмыстық топ былтыр қараша айында ұсталған.

Бұған дейін Ақмола облысында құрамында алтыны бар материалды заңсыз өңдейтін екі шағын цех жойылғанын жазған болатынбыз. Тергеу іс-шаралары нәтижесінде құқыққорғау органдары жалпы саны алты ұсақтау қондырғысын, жеті электр қозғалтқышын, екі жуу үстелін және құрамында алтыны бар отыз қап тәркіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2196246-250-mln-tengge-shygyn-aqmola-oblysynda-qylmystyq-top-altyndy-zangsyz-ondirip-kelgen/