Алматы полициясы конвой қызметінің көлігінен қашып кеткен күдіктіге іздеу жариялады
Жарияланған күні:
Алматы полиция департаменті айдауыл көлігінен қашып кеткен күдіктіге іздеу жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы қалалық полициясы 4 желтоқсанда кешке айдауыл қызметінің көлігінен қашып кеткен 1996 жылы туған К.Е.Аубакри іздеп жатыр.
Іздеудегі адамның белгілері: бойы 165-170 см, арық денелі, шашы қара, көзі қоңыр.
Ерекше белгілері: мұрыны қисық.
"К.Е.Аубакридің қайда екендігі туралы білетіндердің барлығынан мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұраймыз: 8-701-758-67-60; 8-778-158-54-44; 254-40-42 немесе 102", - делінген хабарда.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық кәсіпкер Дәурен Мұсаға іздеу жарияланған болатын. Іздестіру жұмыстарын жүргізетін орган – Алматы полиция департаменті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2196378-almaty-politsiiasy-aidauyldau-koliginen-qashyp-ketken-kudiktige-izdeu-zhariialady/