Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтың беташар салты ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасы тізіміне енді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ұлттық киімдегі келіншек
Ұлттық киім киген келін. Көрнекі сурет: instagram.com/institute_kazakkyzy

Қазақтың беташар салты адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді", - деп жазды Ерлан Қарин.

ЮНЕСКО-ның ресми сайтындағы мәлімет бойынша материалдық емес мәдени мұра – қауымдастықтар өздерінің мәдени мұраларының бір бөлігі ретінде танылған тәжірибелер, салт-дәстүрлер, білім мен дағдылар, сондай-ақ олармен байланысты объектілер мен мәдени кеңістігін білдіреді деп көрсетілген.

Бұл ЮНЕСКО болашақ ұрпақ үшін сақтауға тырысатын жаһандық мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың таралу үшін маңызды.

2024 жылғы 2-7 желтоқсан аралығында Парагвайдың Асунсьон қаласында Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 19-шы отырысы өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2196434-qazaqtyng-betashar-salty-adamzattyng-madeni-murasy-tizimine-endi/