RU
Оқыс оқиға
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Оралда әскерге шақырылған жігіт қашпақ болып, биіктен құлап кетті

Жарияланған күні:

Сапта тұрған әскери қызметші
Әскери қызметші. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оралда әскерге шақырылған төрт жігіт облыстық жинақтау пунктінен қашқан. 30 қараша күні төрт әскерге шақырылушыны полиция қызметкерлері алып келген. БҚО қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары үшінші қабаттан құлап, жарақат алған азаматтың ауыр халде жатқанын айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

БҚО қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Альберт Бекмұхановтың мәлім еткеніндей, оқиға 1 желтоқсанға қараған түні болған. Оның сөзіне қарағанда, 30 қараша күні төрт әскерге шақырылушыны полиция қызметкерлері алып келген.

"Түнгі сағат 02.00-де үшінші қабатта терезеге биыл қондырылған темір торды сындырған. Тоғыз одеялоны, соның ішінде үшеуін жыртып бір-біріне байлап, үшінші қабаттың терезесінен секірген. Сол кезде олардың біреуі ауыр жарақат алған. Жедел жәрдем шақырылып, емдеу мекемесіне жеткізілді. Департамент және медициналық қызмет бастығы барып, халін білді, қазір жағдайы өте нашар", - дейді Альберт Бекмұханов.

Оның айтуынша, Қылмыстық кодекстің 387-бабына (әскери қызметтен жалтару) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, Абай полиция бөліміне қолдаухат жіберілген.

Егер әскерге шақырылушы тергеп-тексеру органы iстi сотқа бергенге дейiн әскерге шақыру пунктiне өз еркiмен келсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Осыны ағайын-тумалары түсіндірген болар, қашқан жастардың үшеуі келесі күні шақыру учаскесіне қайтып келген.

Бекмұханов ауруханада жатқан жігіт 2023 жылы дипломын алғанын, осыған дейін бірнеше рет әскерге шақырылғанын айтты.

Ауруханада ауыр халде жатқан 19 жастағы әскерге шақырылған азаматтың ағасы Нұрхат Әбілғазиевтің айтуынша, інісінің достарына еріп қашқандығын жеткізді.

"Інімді үйден мәжбүрлі түрде алып кеткен, ол моральдық-психологиялық жағынан дайын емес еді. Енді оның осындай күйге ұшырағаны жанымызға батады. Қазір облыстық ауруханада жатқан інімнің жағдайы өте қиын. Мүгедек болып қалу қаупі бар. Үшінші қабаттан құлаған кезде омыртқасы сынған, жұлынына зақым келген. Кіші және үлкен дәретке отыруы қиындап кеткен. Оқиға болған уақытта кезекші орнында отырмаған. Содан кейін терезедегі темір тор осал болған. Әскерге жастарды күштеп әкетіп жатқан соң дұрыстап бекіту қажет еді. Қысқасы, әскери казарма қызметкерлерінің өз жұмысына салғырт қарағанына наразымын", - дейді зардап шеккен азаматтың ағасы.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиға бойынша Абай полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды", - деп нақтылады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2196671-ushinshi-qabattan-sekirgen-oralda-askerge-shaqyrylgan-zhigit-qashpaq-bolyp-biikten-qulap-ketti/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif