"Қалың қар, 28 градус аяз": демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Читать на русскомСиноптиктер 7-9 желтоқсан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, қар жауады деп болжап отыр. Сонымен қатар республика бойынша ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп болжанды. Республиканың шығысында қалың қар жауып, боран соғады, оңтүстік облыстарда жаңбыр соңы қарға ұласады, ал таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады.
Шығыс, оңтүстік және орталық облыстарда көктайғақ болады. Республиканың батысында және солтүстік-батысында жауын-шашын тоқтайды.
Түнде ауа температурасы біртіндеп төмендейді деп болжанды. Атап айтқанда, республиканың батысында -5...-13 градус суық, солтүстік-батыста -13...-25 градус аяз болады.
Ал солтүстікте -20...-25 градус, Қазақстанның орталығында - 15...-28 градус аяз күтіледі.
Мамандар республиканың шығысында - 18...-26 градус аяз, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда -8...-21 суық болатынын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2197215-qalyng-qar-28-gradus-aiaz-demalys-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/