jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Қалың қар, 28 градус аяз": демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

қыс мезгілі
Қыс мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 7-9 желтоқсан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, қар жауады деп болжап отыр. Сонымен қатар республика бойынша ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп болжанды. Республиканың шығысында қалың қар жауып, боран соғады, оңтүстік облыстарда жаңбыр соңы қарға ұласады, ал таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады.

Шығыс, оңтүстік және орталық облыстарда көктайғақ болады. Республиканың батысында және солтүстік-батысында жауын-шашын тоқтайды.

Түнде ауа температурасы біртіндеп төмендейді деп болжанды. Атап айтқанда, республиканың батысында -5...-13 градус суық, солтүстік-батыста -13...-25 градус аяз болады.

Ал солтүстікте -20...-25 градус, Қазақстанның орталығында - 15...-28 градус аяз күтіледі.

Мамандар республиканың шығысында - 18...-26 градус аяз, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда -8...-21 суық болатынын айтты.

"Қалың қар, 28 градус аяз": демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.