Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрлігі Голан жоталарында қызмет ететін қазақстандық бітімгерлерге қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Қазақстандық бітімгерлер ротасы Голан жоталарына келді
Қазақстандық бітімгерлер. Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі БҰҰ-ның Голан жоталарында қызмет ететін қазақстандық бітімгерлерге қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы минстрлік Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Министрлік мәліметінше, қазақстандық бітімгерлер қызмет ететін БҰҰ-ның Голан жоталарындағы (СОННР) жауапкершілік аймағындағы жағдай шиеленісті, бірақ тұрақты деп бағаланып отыр.

"Миссияның жеке құрамы мандатқа сәйкес өз функцияларын орындауда. БҰҰ күштерінің ажырасуды бақылау жөніндегі уәкілетті тұлғалары сириялық және израильдік тараптардың өкілдерімен тұрақты байланыста.

Бітімгерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті шаралар қабылданып жатыр", - делінген хабарда.

Бұл ретте Қорғаныс министрлігі жағдайдың дамуын бақылауда ұстап отырғанын хабарлады. Сондай-ақ Голан жоталарындағы қазақстандық әскери қызметшілермен тұрақты байланыс орнағанын мәлімдеді.

"Қажет болған жағдайда миссияны эвакуациялауды БҰҰ басшылығы миссия қолбасшылығының ұсынысы бойынша қарайтын болады", - делінген министрлік хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2197818-qorganys-ministrligi-golan-zhotalarynda-qyzmet-etetin-qazaqstandyq-bitimgerlerge-qatysty-malimdeme-zhasady/