Марқұм Шерзат Болаттың әкесі полицияға жеткізілді
Жарияланған күні:
Талғарда қайғылы жағдайда қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұсталды. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті Telegram-дағы арнасында хабарлады.
Полиция ақпаратынша, бүгін сағат 15:30-да Азат ауылында жерлеу рәсімін өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген оқиға болған.
"Азамат Н., прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елеместен, өзін өте агрессивті ұстай бастады, айналасындағыларға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытты. Сондай-ақ полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді.
Азамат Н. жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша оның өмірі мен айналасындағылардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері оны ұстау үшін шаралар қабылдады.
Азамат Н. ең аз қажеттілік күшпен құрақталды. Қазіргі уақытта ол полиция бөліміне жеткізілді, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарда.
Полиция жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмысты жалғастыруда және азаматтарды сабырлы болуға шақырды.
Сонымен қатар полиция азаматтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұрап, жалған мәліметтерді тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске салды.
Еске салайық, кеше марқұм Шерзат Болаттың 30 жастағы ағасының денесі табылғаны хабарланған. Полиция мәліметінше, ол өз өзіне қол салған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2198594-sherzat-bolattyng-akesi-ustaldy/