jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Шерзат Болаттың әкесі мен туыстары жауапқа тартылды

Қаржаубай Нұрымов
Қаржаубай Нұрымов. Видеодан кадр: youtube.com/@etokzdetka

Талғардағы жанжал кезінде қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов "бұзақылық" айыбымен 15 тәулікке қамауға алынды. Сот Нұрымовтың бір қарындасына да дәл осындай жаза тағайындаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Нұрымовтар отбасының адвокаттарына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Әкімшілік соттар шешімін Нұрымовтар отбасының адвокаттары Instagram-дағы justice_for_sherzat парақшасында жариялады. Мәліметтерге қарағанда, сот тағы бірнеше адамға әкімшілік жаза тағайындаған. Әкімшілік іс кеше түнде Еңбекшіқазақ аудандық сотында қаралған.

Атап айтқанда, Нұрымовтың қарындасы Бақыт Реимова "митингіге үндегені үшін" 15 тәулікке қамалған. Бұған қоса, сот оны Қазақстаннан депортациялау жөнінде шешім шығарған. Бақыт Қазақстан азаматы емес. Сонымен бірге Нұрымовтың тағы бір қарындасы Салтанат Нұрымоваға "бұзақылық" үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Адвокаттардың жазуынша, Нұрымовтың күйеу баласы Айғазының ісі таңертең қаралады, себебі түнде әкімшілік істі қарайтын судья табылмаған.

Нұрымовтар отбасының бірнеше мүшесіне әкімшілік жаза тағайындалғанын Алматы облысы соттары сәрсенбі күні таңертең растады.

"Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлап, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын айналасындағыларға құрметсіздік танытатын іс-әрекеттер жасағаны және көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергілер жасағаны үшін азамат Қ. Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - делінген сот хабарламасында.

Нұрымовтар отбасының адвокаттары бұл істер бойынша сәрсенбі таңертең апелляциялық шағым түсіруді көздеп отыр.

Еске салсақ, кеше, 10 желтоқсанда кешке Қаржаубай Нұрымовты полиция ұстап әкеткені мәлім болды. Бұл жағдай Талғар ауданы Азат ауылында Нұрымовтың інісі Нұрғанат Ғайыпбаевты ақтық сапарға шығарып салғаннан кейін болған.

Шерзат Болаттың ағасының денесі 8 желтоқсанда түнде Талғар маңында табылған. Полицияның алдын ала болжамынша, Ғайыпбаев өз өзіне қол жұмсаған. Алайда марқұмның туыстары оған сенбей отыр.

Шерзат Болаттың әкесі мен туыстары жауапқа тартылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.