"Бүкіл қазақ осы жерден рух алуы керек": депутат Ардақ Назаров Түркістанда ішімдік сатуға тыйым салуды ұсынды
Жарияланған күні:
Читать на русскомМәжілісте Түркістан қаласына ерекше мәртебе беретін заң жобасы талқыланды. Сонымен қатар депутат Ардақ Назаров заң аясында қалада азаматтарға арақ ішу, сатуды тыйым салу туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі мәжіліс отырысына сілтеме жасап.
"Заң аясында Түркістанда арақ ішуге, сатуға, арақ ішіп көшеде жүруге заң аясында тыйым салсақ. Өйткені, білесіз, Түркістан – рухани астана, бүкіл қазақ осы жерден рух алуы керек. Ол жерде ата-бабаларымыз, әулиелеріміз, батыр-билеріміз жатыр.
Ертең мұнда шетелден көп қонақтар келеді, сол кезде біздің азаматтар арақ ішіп, алдынан шығатын болса ұят қой. Сондықтан осы заң аясында Түркістанды арақсыз қала, рухани қала деп жариялап, ішімдікке тыйым салуға бола ма", - деп сұрады ол.
Бұған жауап ретінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев мәселенің өзектілігіне тоқталды.
"Түркістан облысында "Арақсыз ауыл" жобасы жүзеге асырылды, қазір басқа өңірлер де атсалысып, түрлі форматта пікірталас жүргізді.
Жалпы, Түркістан туристердің қаласына айналып жатыр. Әрине, бұл мәселе бойынша көптеген пікір туындайды. Бұл сұрақ өзекті және орынды. Ол заңнамалық нормалар аясында қарастырылады", - деп жауап берді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2201651-deputat-ardaq-nazarov-turkistanda-ishimdik-ishuge-zhane-satuga-tyiym-saludy-usyndy/