jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Оқу-ағарту министрі Семейде жаңажылдық шыршаны безендіру кезінде жарақат алған ұстаз туралы пікір білдірді

Ғани Бейсембаев
Ғани Бейсембаев. Фото: t.me/oqu_agartu

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өзінің Семейде болған оқиғаны – ұстаздың жаңажылдық шыршаны безендіру кезінде жарақат алуын "өрескел заңбұзушылық" деп, облыс басшылығына істі тексеруді тапсырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министр өзінің Facebook-тегі парақшасында өрескел заңбұзушылық жайында хабарлап, педагог мәртебесі туралы еске салды.

"Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіруге тарту және әріптесіміздің осы іс барысында жарақат алуы – заң бұзушылықтың айқын көрінісі.

Педагогтерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын мұндай жұмыстарға тарту – "Педагог мәртебесі туралы" заңды өрескел бұзу деп санаймын. Бұл оқиғаға байланысты облыс басшылығы әділ әрі жан-жақты тексеру жүргізіп, алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктердің қайталануына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдайды деп үміттенемін", - делінген министр жазбасында.

Сонымен қатар министр мемлекет басшысы педагогтердің қоғамдағы рөліне ерекше мән беріп, олардың құқықтарының "Педагог мәртебесі туралы" заң аясында қатаң сақталуын әрдайым назарда ұстайтынын еске салды.

"Осы орайда білім басқармалары мен бөлім басшыларына заң талаптарын қатаң орындауға ерекше назар аударуды ескертемін.

Қуат Айтқалиевтің отбасына шынайы қолдау білдіре отырып, оның тезірек сауығуын тілеймін. Қазіргі уақытта оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл жағдай ерекше бақылауға алынды", - деп сендірді министр.

Оқу-ағарту министрі Семейде жаңажылдық шыршаны безендіру кезінде жарақат алған ұстаз туралы пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.