Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы метросында ұялы байланыс пен интернет қосылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Алматы метросы
Алматы метросы. Фото: t.me/almaty_akimat/21227

Алматы метросының жеті станциясында интернетке қосылған ұялы байланыс орнатылды. Қалған станцияларда интернетке қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды қалалық метрополитеннің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Райымбек", "Жібек жолы", "Алмалы", "Абай", "Байқоңыр", "М.Әуезов театры" және "Алатау" станцияларында интернет пен ұялы байланыс орнатылған.

"Бүгінде базалық станцияларын орнату жұмыстарын Kcell операторы жүргізіп жатыр. Алдағы уақытта метро мамандары барлық байланыс операторларын тартуды жоспарлап отыр. Байланыста болу қаншалықты маңызды екенін түсінеміз жолаушыларымызға саяхатты ыңғайлырақ және технологиялық жағынан жетілдіретін заманауи қызметтерді ұсынамыз", - деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі.

Желіге қосылу жұмыстары биыл қыркүйек айында басталды. Платформаларда ұялы байланыс пен интернет қолжетімді, жолаушылар метро вагондарында байланысқа қосылу мүмкіндігіне ие болады. Метрополитен өкілдерінің сөзінше, байланыс сапасына қатысты сұрақтар бойынша жолаушылар ұялы байланыс операторына хабарласа алады.

Сонымен қатар жолаушыларға барлық байланыс қызметін: қоңырау шалу, хабарлама жіберу және цифрлық қызметі пайдалануға мүмкіндік беретіні хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2203601-almaty-metrosynda-uialy-bailanys-pen-internet-qosyldy/