jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Астанада шетелдіктер ломбардтан 46 миллион теңгенің алтынын ұрлады деген күдікке ілінді

Күдіктілерді ұстау сәті
Күдіктілерді ұстау сәті. Фото: polisia.kz

Астанада жедел топ ломбардтан ірі ұрлық жасады деп күдікке ілінген шетелдіктерден құралған топты ұстады. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің медиа-порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бес жігіттен құралған топ Астанадақылмысты алдын ала мұқият жоспарлаған.

"Шабуыл жасаушылар ломбардтың кілтін алып, қызметкер түскі үзіліске шыққанша күткен. Осы сәтті пайдаланып, олар жалпы құны 45 миллион теңге болатын 654 алтын бұйымды, сондай-ақ кассадан бір жарым миллион теңгеден астам қолма-қол ақшаны ұрлап кеткен. Ұрлықтан кейін қылмыскерлер оқиға орнынан бой тасалап, еліміздің батыс аймағына қарай бет алған", - делінген ведомство хабарламасында.

Полицейлер күдіктілерді Орал қаласындағы үйлердің бірінің ауласында баспананы жалға алмақ болған жерінен ұстады.

Ұсталғандар басқа мемлекеттің азаматтары болып шықты. Қазіргі уақытта олар қамауда, бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Астанада шетелдіктер ломбардтан 46 миллион теңгенің алтынын ұрлады деген күдікке ілінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.