jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Адвокат Жанна Уразбаховаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Адвокат Жанна Уразбахова
Адвокат Жанна Уразбахова. Фото: instagram.com/advokatzhanna

Алматы полициясы екі адвокатқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Олар сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін заңсыз жариялады деген күдікке ілінген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ департаментке сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның хабарлауынша, бопсалау және алаяқтық бойынша қылмыстық іске байланысты тергеу деректерін жария еткені үшін адвокаттар У. және Б.-ға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

"Аталған тұлғалар қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тыйымға қарамастан, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы тергеу барысы туралы ақпарат таратқан. Бұл әрекеттер қылмыстық іс жүргізу нормаларына қайшы келеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар полиция адвокаттардың тергеу әрекеттеріне қасақана кедергі келтіргенін және процессуалдық шараларға қатысу міндетін елемегенін атап өтті.

Тілшілердің сұрағына жауап берген полиция қызметкерлері күдіктілердің бірі адвокат Жанна Уразбахова екенін растады. Екінші күдікті туралы мәлімет әзірге жарияланған жоқ.

Адвокат Жанна Уразбаховаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.