"Бұл нұсқауды мен бердім": Әлиев Әзербайжаннан Ресейдің 10 қаласына ұшуды тоқтатты
Жарияланған күні:
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан телеарнасына берген сұхбатында республиканың әуе компанияларына қауіпсіздік мақсатында Ресейдің 10 қаласына ұшуды белгісіз мерзімге тоқтатуды тапсырғанын айтты. Бұл туралы АЗЕРТАДЖ хабарлайды.
"Бұл нұсқауды мен бердім және оның басты себебі, әрине, қауіпсіздік мәселелері. Ресейдің көптеген қалаcында әуе кеңістігі жабылып тұратындықтан, онда арнайы операциялық режим қолданылады. Олар мұны "ковер" операциясы деп атайды", - деді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, AZAL әуе компаниясы Ресейдің жеті қаласына ұшуды белгісіз мерзімге тоқтатқан.
"Сонымен бірге, біз Ресейдің үш қаласынан Әзербайжанға ресейлік әуе компаниялардың рейстерін тоқтаттық, бұл біздің 10 қаламен әуе қатынасы тоқтатылды дегенді білдіреді және тағы да айтамын, мұнда бірінші кезекте қауіпсіздік мәселесі алға шығады.
Біз әрқашан жолаушыларымыздың қауіпсіздігін бірінші кезектегі міндет деп санадық, сондықтан бұл ереже жарияланды. Біз не істесек те, оны ашық түрде жасаймыз және тағы да айтамын, бұл шешім қабылданды.
Бұл рейстер қашан қайта жанданады және, әсіресе, Грозный қаласына жандана ма? Ол мүмкін емес. Бірақ оны өмір көрсетеді және ресейлік әуе кеңістігінің қауіпсіздігі мәселелері, әрине, ескеріледі", - деп түсіндірді Ильхам Әлиев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2206505-bul-nusqaudy-men-berdim-aliev-azerbaizhannan-reseiding-10-qalasyna-ushudy-toqtatty/