Top.Mail.Ru

Зектілері

Алматы әуежайында халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

Жарияланған күні:

Шетелдік азамат
Шетелдік азамат. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Алматыда көрші мемлекетте іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Ол жалған құжат жасап, ақша ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Алматы қаласының халықаралық әуежайында ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ақшаны иемдену және жалған құжаттар дайындау жолымен жымқырғаны үшін Өзбекстанның құқық қорғау органдарымен халықаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады", - делінген ІІМ Telegram-дағы арнасындағы хабарламада.

2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың сәуіріне дейін ер адам жалған құжат жасау арқылы 162 миллион өзбек сомын жымқырған.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда көршілес елдерде іздеуде жүрген бірнеше шетелдік күдікті ұсталғаны туралы хабарлаған едік.

Полиция ақпаратынша, Түркістан облысында Ресей Федерациясының Самара қаласында 2023 жылдың сәуір айында өзінің танысын өлтіргені үшін іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматы ұсталды. 2023 жылдың қазан айынан бері іздеуде болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2206989-almaty-auezhaiynda-halyqaralyq-izdeude-zhurgen-sheteldik-azamat-ustaldy/