Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдіктерге желіде ЖСН алып беру ұсынылған: Ішкі істер министрлігі тексеріс бастады

Жарияланған күні:

Читать на русском
egov.kz
eGov порталы. Көрнекі фото: NUR.KZ

Депутат Азат Перуашев Telegram-дағы арнасында Қазақстан аумағында болмай-ақ шетел азаматтарына ЖСН беріліп жатқаны жөніндегі депутаттық сауалына Ішкі істер министрлігінің берген жауабын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министрлік өкілдері желіде шетелдіктерге ЖСН беру туралы хабарландырулар жарияланғанын атап өткен.

"Ішкі істер министрлігі де әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Қазақстан Республикасынан тыс жерде, негізінен Ресей азаматтарына ЖСН беру туралы жарнамалар мен түрлі қызметтерді кезіктіріп жатыр", - делінген депутат сауалына берілген жауапта.

Хабарламада бұл факт бойынша жедел іздестіру қызметі туралы заңнамаға сәйкес тексеру шаралары жүргізіліп жатқаны айтылған.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта шетелдіктер үшін ЖСН қалыптастыру бойынша мемлекеттік қызмет сол қызметті алатын адамның өзі келгенде ғана көрсетіледі.

Көші-қон қызметі комитетінің жауабында 2022 жылы электронды үкімет порталы арқылы ЖСН қалыптастыруға өтініш берудің айқын тенденциясы байқалғанын, оның өкілдері бір тұлғалар болғаны айтылған.

Тексеру барысында шетелдіктер келісім жасап, "көмекші" компаниялардың ақылы қызметтерін белсенді пайдаланғаны анықталған. Олар шетелдіктердің мүддесі үшін портал арқылы ЖСН қалыптастыруға өтініш берген.

Бұл халық арасында наразылық тудырғандықтан, электронды үкімет порталы арқылы қызмет көрсету тоқтатылған. Сондай-ақ электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Ал шетел азаматында электронды қолтаңба жоқ болғандықтан, ол электронды өтініш бере алмайтыны баса айтылған.

Сонымен қатар ЖСН алу кезінде шетелдіктерге қойылатын талаптарды арттыру мәселесі қолға алынып, құқықтық реттеу жобасы әзірленген, соған сәйкес ЖСН-ді сенімхат бойынша қашықтан алу мүмкіндігі алынып тасталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2207151-sheteldikterge-zhelide-zhsn-usynylyp-zhatyr-ishki-ister-ministrligi-tekseris-bastady/