Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың артқы бөлігінің тасымалданған сәті видеоға түсіп қалды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАқтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың тасымалданып жатқаны видеоға түсіп қалды. Бейнежазба әлеуметтік желілерде пайда болды. Бұған қатысты Көлік министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды Lada.kz.
Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың артқы бөлігі белгісіз бағытта тасымалданып жатқанын куәгерлер видеоға түсіріп алған.
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі кадрларға қатысты түсініктеме берді.
"Комиссия әуе кемелерінің элементтерін ангарға жеткізу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады.
Қазақстан Көлік министрлігі алдын ала ақпаратқа сәйкес ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болғанын хабарлады.
Бортта 42 Әзербайжан, 16 РФ, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан азаматы болған.
Көп ұзамай Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта 38 адам қаза тапқаны белгілі болды. Олардың арасында Қазақстанның алты азаматы бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2207880-aqtau-mangynda-apatqa-ushyragan-ushaqtyng-artqy-boligining-tasymaldangan-sati-videoga-tusip-qaldy/