jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

"700 млн жымқырған": Шымкентте аудан әкімі аппаратының басшысы 8 жылға сотталды

ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдері Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының басшысы жемқорлық айыбымен сегіз жылға сотталғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ агенттік мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

ҚМА мәліметінше, агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыруға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу амалдарын аяқтады.

"Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының басшысы өзінің қызметтік лауазымын пайдаланып, ЖШС директорымен және құрылтайшысымен алдын ала сөз байласу арқылы бюджет қаражатын жымқыру әрекетіне барғаны анықталды.

Күдіктілер қоқыс жәшіктері, шағын орындықтар, әткеншектер, ойын және тренажер алаңдарымен қоса, тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін материалдар құнын көтеріп сметалық құжаттар жасаған. Осы іс-әрекеттердің салдарынан 700 млн теңгеге жуық мемлекеттік мүлік талан-таражға түскен", - деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.

Бұған қоса, құзырлы орган "ЖШС директоры мен құрылтайшысы декларацияларға жалған мәліметтер енгізу арқылы салық төлеуден жалтарғанын" анықтаған.

"Қабылданған шаралар нәтижесінде 194 млн теңгеден астам салық берешегі толық өтелді. Сот үкімімен үш айыпталушы кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

"700 млн жымқырған": Шымкентте аудан әкімі аппаратының басшысы 8 жылға сотталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.