jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Қазақстан шекарасын бұзғаны үшін 300-ден аса шетел азаматы ұсталған

    Шекара
    Шекара. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 2024 жылы 324 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ арнайы қызмет мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

    Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы есебін жариялады.

    Арнайы қызметтің Telegram-дағы арнасына жариялаған мәліметіне сүйенсек, шекара қызметі 2024 жылы құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекарада 55 мыңнан аса заң бұзғаны үшін ондаған адамды жауапқа тартқан. Атап айтқанда:

    • 324 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталған;
    • 383 шетел азаматының шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілген.

    Бұған қоса мемлекеттік шекара арқылы 15 041 заңсыз тауар алып өтуге бөгет жасалған. Атап айтқанда:

    • 451 – есірткі заттары (2 тонна 300 кг астам);
    • 886 – қару мен оқ-дәрілер;
    • 455 – діни әдебиет (24 087 дана);
    • 5 283 – жалпы сомасы 160 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары;
    • 6 086 – жалпы сомасы 70 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
    • 1 880 – жалпы сомасы 19 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

    Сонымен бірге Каспий теңізі аумағында 390 браконьерлік фактіге бөгет жасалған. Атап айтқанда:

    • 196 дана жүзу құралдары;
    • жалпы көлемі 536 км болатын тор;
    • 1 994 дана (11 379 кг) бекіре тұқымдас балық;
    • 87 814 дана (98 296 кг) ұсақ тұқымдас балық;
    • 117 дана итбалығы тәркіленді. Осы әрекеттерден 4,6 млрд теңге залал келген.

    "Осы фактілерге қатысты материалдар заң бұзғандарды жауапқа тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді", - деп хабарлады арнайы қызмет.

    Қазақстан шекарасын бұзғаны үшін 300-ден аса шетел азаматы ұсталған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.