jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте қанша діни бірлестік бар

Мешіт іші
Мешіттің кіреберісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгінде Шымкентте 32 діни бірлестік пен 12 конфессия бар. Бұл туралы дін істері басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев айтты, деп хабарлайды Ontustiktv.kz.

Қазақстан Конституциясы дін ұстану еркіндігіне кепілдік береді. Ал бұл принцип Шымкенттегі діни ұйымдардың қызметін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

"Діни бірлестіктер арасында өзара татулық, оларды бақылау сияқты жұмыстарды жүзеге асырып жатырмыз. Заң бірінші орында болуы керек. Өздеріңіз білесіздер, Конституцияның 14-бабында көрсетілгендей, ешкімді дініне, нәсіліне, жынысына қарай кемсітушілікке жол берілмейді. Қалада 32 діни бірлестік, 12 конфессия бар", - деді дін істері басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев.

Діни басқарма өкілдері де дінаралық диалогті нығайту, экстремизм мен радикализмнің алдын алу, жастарды рухани тәрбиелеу мақсатында жұмыс атқарады. Әр конфессия мүдделерін құрметтеу – қаладағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтаудың негізі.

"Қоғамда бір кемшілік кетсе, бәріміз оған кінәліні іздей бастаймыз. Ізгі қоғамда олай болмауы керек. Әр қауым кемшілікті өзінен іздеуі қажет. Менің қандай кінәм бар деп ойлануы керек. Сол кезде кемшіліктің, қателіктің ізі де қалмайды", - деді наиб-имам Ахметжан Керімбек.    

Қалада түрлі дін өкілдері қатысатын форумдар, кездесу мен қайырымдылық іс-шаралары жиі өткізіледі. Мұсылман және христиан қауымдастықтары бірлескен әлеуметтік жобалар да жеткілікті. Ортақ құндылықтар мен бейбітшілік, адамгершілік пен өзара қолдау қала тұрғындары арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға негіз болып отыр.

Шымкентте қанша діни бірлестік бар

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.