jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте сапасыз салынған 1,4 млн теңгенің жол жабыны қайта төселді

Жол жөндеп жатқан жұмысшылар
Жол жөндеп жатқан жұмысшылар. Көрнекі фото: pixabay.com

Өткен жылы Шымкент қаласында 227 шақырымды құрайтын автокөлік жолы күрделі және орташа жөндеу жұмыстарынан өтті. 247 көше, 1 көпір пайдалануға берілді. 79,3 шақырымдық көлік жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Шымкентте жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 75 пайызға жетті, деп хабарлайды Kazinform.

Дегенмен құрылыс нысандарына 843 рет шығып, сараптама жүргізген "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Шымкент қалалық филиалы 228 ақау мен кемшілікті анықтады.

Сондай-ақ сараптама барысында 1494 жол-құрылыс материалдары іріктеліп алынды. Оның ішінде 873 сынама талапқа сәйкес келсе, қалған 621 сынама нормативтік талаптарға сай болмай шықты. 

"Сәйкес келмеген жол-құрылыс материалдары бойынша сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда ол ақаулар жөнінде мердігерге, техникалық қадағалау мекемелеріне хаттармалар толтырылды.

Нәтижесінде 1 техникалық қадалаушыға айыппұл салынды. 1,4 млн теңгенің жол жабыны мердігер есебінен қайта төселді", - деді "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Шымкент қалалық филиалының бөлім басшысы Қайрат Шәкіров.

Шымкентте сапасыз салынған 1,4 млн теңгенің жол жабыны қайта төселді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.