jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Ойыншық мылтықпен қорқытып, несие алуға мәжбүрледі: Қостанайда дәрігерге шабуыл жасалды

Кісен
Қолға кісен салу. Көрнекі фото: vm/Getty Images

Қостанайда үш ер адам дәрігерге қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінді. Олар жәбірленушіні ұрып-соғып, ойыншық мылтықпен және пышақпен қорқытып, несие алуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қостанай облысы полиция депатаменінің ақпаратынша, күдіктілердің бірі Қостанай тұрғынымен қылмысқа дейін таныс болған.

Осыдан кейін олардың арасында жанжал шығып, содан кейін күдікті таныстарын кек алуға шақырған.

"Ол және оның екі серіктесі жәбірленушінің пәтерінде болған кезде оны ұрып-соғып, ойыншық тапанша мен пышақпен қорқытқан. 

Зорлық-зомбылықпен қорқытып, олар ақшалай несие алуға мәжбүрлеген. Бұдан бөлек, телефон мен ақшаны қолды қылған", - делінген хабарламада.

Келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,5 млн теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанайда полицейлер екі күдіктіні анықтап, ұстады, үшінші күдікті Астанада тұтқындалды. 

Қызметкерлер тапаншаны, телефонды және жәбірленушіге тиесілі ақшаны тәркіледі.  Күдіктілердің үшеуі де тергеу изоляторына қамалды. 

Адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жасалған қарақшылық үшін олардың мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Ойыншық мылтықпен қорқытып, несие алуға мәжбүрледі: Қостанайда дәрігерге шабуыл жасалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.