RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Мұны қате деп ешқашан айтпаймын": Сауда министрі Қазақстандағы уақытты ауыстыруға қатысты зерттеуге пікір білдірді

Жарияланған күні:

Арман Шаққалиев
Арман Шаққалиев. Фото: t.me/KZgovernment

Сауда министрлігінде өткен брифингтің кулуарында министр ғалымдардың уақытты өзгертуінің қазақстандықтарға әсері туралы бүгінде жүргізіліп жатқан зерттеулер мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министр Арман Шаққалиев мониторинг салалық белгілер бойынша – денсаулық сақтау, энергетика және білім беру мәселелері болып бөлінгенін атап өтті.

"Ақпарат жинақталғаннан кейін біз қорытынды аламыз - содан кейін объективті тұрғыда айтатын боламыз. Яғни, бұл объективті көрсеткіш - сипаттайтын метрика. "Реттеуден кейінгі әсер" деген ұғым бар: қабылданған актілер және оның қалай әсер ететіні зерттеледі", - деп түсіндірді министр.

Бұған жауап ретінде журналистер бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді ғалымдар қазақстандықтарға кері әсер еткен шешім деп тапса, Шаққалиев өз қателігін мойындауға дайын ба деп сұрады.

"Біз бірнеше рет мәлімдеген едік: шешім қабылданды. Мұны ешқашан қате деп айтпаймын. Ғалымдар динамиканы қарау керек дейді: әрқашан динамиканы көру керек. Жыл өтті... естеріңізде ме, біз петицияны қарастырдық, ұсыныс берген едік?.. Үш жылдық әдістемелік зерттеулер. Бірақ депутаттар: жыл өтті, бір жыл ішінде не болғанын көрейік дейді. Біз (зерттеу нәтижелерін - ред.ескертпесі) бір жыл ішінде болған өзгерістерді талқылаймыз және ұсынамыз. Қолжетімді, ешқандай шектеу болмайды", - деп сендірді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2211503-muny-qate-dep-eshqashan-aitpaimyn-sauda-ministri-qazaqstandagy-uaqytty-auystyruga-qatysty-zertteuge-pikir-bildirdi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif