Ботқа ішінен жәндіктер табылды: Ақтөбе облысында балабақша қызметкерлері жұмыстан шығарылды
Жарияланған күні:
![Балабақшадағы ботқа Балабақшадағы ботқа](https://cdn.nur.kz/images/1200x675/b77405a9abd55bc9.jpeg)
Ақтөбе облысындағы балабақшада балалардың ботқасынан жәндіктер табылды. Бақша басшылығы мен қызметкерлері жұмыстан қуылды, қызметтік тексеріс жүргізілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ақтөбе облысының білім басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр.
"2025 жылдың 13 қаңтарында таңғы сағат 9:00-де балабақшаның медбикесі тағам дайындап жатқанда алдын ала сынама алды, бірақ құрт немесе басқа жәндіктер табылмағанын хабарлады.
Ботқаны алғашқы екі топқа тарату кезінде жағымсыз оқиға анықталды, соның салдарынан таңғы ас беру дереу тоқтатылды.
Азық-түлік жеткізуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкер мен балабақша арасында 2024 жылғы 4 маусымда № 10 шарт жасалды. Сұлы жармасы балабақшаға 2024 жылдың қарашасында жеткізілді, жарамдылық мерзімі 18 ай.
Қазіргі уақытта білім басқармасы тарапынан қызметтік тексеру жүргізілуде. Балабақша меңгерушісі, аспаз және медбике жұмыстан шығарылды", - деп түсіндірді ведомство өкілі.
Еске салсақ, бұған дейін Екібастұздағы балабақшада бес жасар бүлдіршін химиялық сұйықтық ішіп қойғаны туралы жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2211564-botqa-ishinen-zhandikter-tabyldy-aqtobe-oblysynda-balabaqsha-qyzmetkerleri-zhumystan-shygaryldy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.