jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

2025 жылдың ақпанында қазақстандықтар қанша күн демалады

Қысқы серуендегі жұп. Көрнекі сурет
Қысқы серуендегі жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

2025 жылдың ақпан айында мемлкеттік мереке күндері болмағандықтан, тек сенбі және жексенбі демалыс күндері болып қала береді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қыстың соңғы айы жылдың ең қысқа айы болғандықтан, қазақстандықтар небәрі 8 күн демалады.

Дегенмен ақпан айында кәсіби және өзге де мерекелер бар. Жұмыс күндеріне қарамастан, ондай кәсіби мерекелер атап өтіледі.

Кәсіби мерекелердің тізбесі Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығының алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  • 1 ақпан – Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация қызметкерлерінің күні;
  • 2 ақпан – Ұлттық баспа күні;
  • 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарған күні;

БҰҰ күнтізбесі

  • 4 ақпан – Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні; Халықаралық адамзат бауырластығы күні;
  • 10 ақпан – Дүниежүзілік дәнді-бұршақты дақылдар күні;
  • 11 ақпан – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні;
  • 12 ақпан – Қызыл қол күні (БҰҰ деңгейінде 2002 жылдан бастап соғыстар мен қарулы қақтығыстарға тартылған балаларды еске алу күні ретінде атап өтіледі); Дарвин күні;
  • 13 ақпан – Дүниежүзілік радио күні;
  • 20 ақпан – Әлеуметтік әділеттілік күні;
  • 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні;
  • 27 ақпан –Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні.
2025 жылдың ақпанында қазақстандықтар қанша күн демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.