jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Семейде тұрғын үй аулаларын су басты

Семей аулаларын су басты
Семей аулаларын су басты. Кадр видеодан: Семей қаласының әкімдігі

31 қаңтарда Семей қаласының бірнеше көшелеріндегі үйлердің аулаларын су басты, деп хабарлайды Семей қаласы әкімдігінің Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

2-ші Ақкөл, 15А және Кожкомбинат, 28 мекенжайларында арық жүйесі бұзылып, аула аумақтары суға толды. Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, қала әкімінің тапсырмасымен шұғыл түрде тексеру жұмыстары ұйымдастырылған. Тексеруге қаланың қоғам өкілдері, мәслихат депутаттары, ТЖБ басшылығы және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары қатысқан. Тексерудің мақсаты — "Максима" ЖШС мердігер ұйымының арналық жүйелерді қысқы уақытта күтіп-ұстау жұмыстарын бағалау және оқиғаның себебін анықтау.

"Тексеру нәтижесі бойынша өз міндеттемелерін өрескел бұзғаны үшін мердігер ұйым "Максима" ЖШС-мен жасалған шартты бұзу туралы шешім қабылданды. Компания қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайын болмай, соның салдарынан аула аумақтарын су басты. Қазір тұрғын үйлер мен аула аумақтарының су астында қалу қауіпі жоқ. Жағдай қала әкімідігі мен Семей қалалық ТЖБ бақылауында. Семей қаласы бойынша арықтарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Семейде тұрғын үй аулаларын су басты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.